ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында карантин режимін жеңілдетудің үшінші кезеңі басталды

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 12.05.2020
Оқылды: 190 Печать страницы
Алматы облысында карантин режимін жеңілдетудің үшінші кезеңі басталды

Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағында төтенше жағдай режимінің алынып тасталғаны жөнінде хабарлады. Дегенмен, бірқатар аймақта карантин шаралары сақталатын болады. Оның ішінде Алматы облысы да бар. Карантин уақыты мамыр айының соңына дейін созылады деп күтілуде.

ТЖ кезінде Алматы облысы бойынша арнайы штаб тәулік бойы қызмет атқарды. Олар күніне 500 электронды түрде өтінім мен 100 қоңырау қабылдап отырды. Сонымен қатар, Call- орталықта елмен етене қызмет жасады. Ондағы мамандар әлеуметтік сауалдарға жауап беріп отырды. Осы күнге дейін 6 мың сұрақ келіп түскен. Барлығына тұшымды жауап қайтарылған.

Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен ТЖ кезеңінде табысынан айырылған адамдарға әлеуметтік төлем тағайындалған еді. Алматы облысы бойынша аталған көмекке 658 мың адам қол жеткізген. Ал, тегін азық-түлік жиынтықтары 11 мың адамға таратылған. Ол үшін жалпы сомасы 618 млн. теңге қаражат игерілген.

« Біз біргеміз» қоғамдық қоры да халықтың осал топтарына көмек қолын созуда. Облыс орталығының 10-ға жуық тұрғыны аталған қордан 50 мың теңге жәрдемақы алған. Игі іске 497 млн. теңге қаржы қарастырылған. Одан өзге « Біргеміз Жетісу» облыстық қоғамдық қордан 985 отбасына материалдық көмек көрсетілген. Саупты амал жолында 9,5 млн. теңге жаратылған.

5 мамырдан бастап облыста карантин режимін кезең-кезеңімен жеңілдету басталған болатын. Қазір үшінші кезеңі жүзеге асуда. 8 сәуірден бері бірқатар кәсіпорындар жұмысына кіріскен. Соның арқасында Алматы облысының 75 мың тұрғыны жұмыстарына қайта оралды.

Алдағы уақытта Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, ХҚКО, қоғамыдық көліктер, бизнес орталықтары, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік агенттіктері, аумағы 500 метірден аспайтын азық-түлік дүкендері жұмысқа кіріседі.

Сондай-ақ, мәдениет саласының іс-шараларға дайындалуына рұқсат етілген. Тек адам саны 30-дан аспауы тиіс. Бұл санатқа, шеберхана, баспа үйі, тігін шеберханасы, аяқ киім жөндеу орындары да кіреді.

Айта кетер басты жаңалықтың бірі, әуежайда әуе көлігі тасымалы іске кірісті.

ТЖ режмі енгізілгеннен күннен облыс аумағында 12 бекет жұмыс жасаған. Оның 4-і тұрақты. Яғни, карантин аяқталғанша жұмысын жаслғасырады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.