ӘЛЕУМЕТ

Туберкулез

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 13.05.2020
Оқылды: 322 Печать страницы
Туберкулез

Жалпы Көксу ауданы бойынша 2019 жылы туберкулез ауруының 15 жағдайы тіркелген. 2020 жылдың 2 айында 3 жағдайы тіркелді.Туберкулез қандай ауру?Туберкулез жұқпалы ауру. Туберкулез бактериясы ауа алма-суымен адам ағзасына еніп, өкпені зақымдайды. Басқа да ағзалардың - көз, ішек, бүйрек және зәр шығару жолдары, сүйек және тағы басқада органдардың зақымдануына әкеліп соқтыруы мүмкін.Ең жиі кездесетін түрі-өкпе туберкулезі. Көп жағдайда сырқат белгісі науқас адамға білінбей басталады да, тек қана Манту реак-циясын қойғанда, қақырықты “Кох таяқшасына” тексергенде немесе флюорографиялық бақылаудан өткенде табылады.Туберкулездің негізгі жұғатын көзі: туберкулез микробтарын та-рататын науқас адам. Науқас адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде, қақырықпен әлденеше миллиард туберкулез микробтарын бөліп шығарады және олар 1,5 метрден 5 метрге дейін шашырайды, ең қауіптісі ол ауада таралып, сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар. Науқас адамның жерге немесе еденге түкірген қақырығы бірте-бірте кебеді де, ақырында шаңға араласады, шаң ауаға көтеріледі, дем алған кезде сау адамның өкпесіне енеді. Одан басқа аурудың ыдыс-аяғы, киім-кешегінен, кір қолынан жұғады. Сол сияқты туберкулезбен ау-ыратын үй жануарлары да: сиыр, түйе, доңыз туберкулез ауруын таратады. Туберкулезбен ауыратын малдың сүтін шикілей ішкенде неме-се тауықтың жұмыртқасын пісірмей жегенде жұғады. Туберкулездің белгілері:- Әлсіздік, тез шаршау.- Асқа зауқы соқпау, жүдеу.- Аптадан аса жөтеліп жүру.- Түнде немесе ұйқыдан оянған кезде терлеу.- Дене қызуының 37 градустан жоғары көтерілуі.- Түстен кейінгі мезгілде бей-жай болуы.Осындай белгілер білінсе міндетті түрде терапевт-дәрігерге тексерілу керек..Әр нәрсенің алдын алған жөн, себебі туберкулездің жеңіл түрі болса, ол тез емделіп, тез жазылады. Қандай жағдайда болмасын, туберкулезге шалдыққан адам тез арада емделуі қажет. Қазіргі жағдайда туберкулез-бен ауырған жанды емдеп жазуға болады.Туберкулез ауруымен кімдер тез ауырады немесе ауруға бейім тұрады?- У а қ ы т ы н д а тамақтанбайтындар, өз денсаулығына мән бермейтіндер;- М а с к ү н е м д е р , нашақорлар, жүйкесі тозғандар, үй-жайы жоқ кезбелер;- Гармон дәрілерін көп қабылдайтындар;- Тұмаумен жиі ауыратын-дар, қант диабеті, өкпе-тыныс жол-дары сырқатының соылмалы түрі мен асқазан-ішек жараларымен ауы-ратындар;- Туберкулез науқасымен қарым-қатынас жасайтын барлық жанұя мүшелері, жұмыс қызметтестері;- Жас балалар, жүкті әйелдер, кәрі кісілер туберкулезге бейім тұрады.Туберкулезді анықтау әдістері:- Манту сынамасы қойылады. Бұл әдіспен туберкулездің жұққанын анықтаймыз, балалар үшін манту сынамасын қойғызу (алу) керек.- Жасөспірімдер мен ересектер жылына бір рет флюорографиялық тексеруден өтулері қажет, бұл әдіспен өкпенің ауруларын анықтаймыз, олар: ту-беркулез, пневмония, рак, т.с.с.- Бакскопия-қақырықты микроскоп арқылы тексеру, әртүрлі уақытта үш реттен Кох таяқшасына тексеру.Туберкулезден қалай сақтануға болады?- Адам ағзасының қорғаныс жүйесін күшейту үшін туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасын егу, бұл вак-цина тек қана дәрігердің шешімімен егіледі. БЦЖ вакцинасын бірінші рет перзентханада, кейін бала бірінші сыныпқа (6-7 жас) және бала бесінші сыныпқа (11-12жас) барғанда БЦЖ егіледі.- Салауатты өмір салтын ұстану.- Тазалық сақтау.- Дұрыс тамақтанып, зиянды әдеттен бас тарту керек.- Дене шынықтыру, жаттығулар жасау.Ауырып ем іздегенше, ауырмай-тын жол іздеңіз !М.АЖИЕВА, Көксу аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқарма басшысы

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.