
Жеңіс! Бұл сөздің астарында қаншама тер, қанша жанның қаны бар десеңізші. Мүмкін сол зұлмат соғыста жеңіс таппағанда, біз жеңіс деген сөзді білмеуші ме едік, кім білсін... Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрам-ды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз – өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың ор-нын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлай-ды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды.Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгер-лер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі май-Қаһарман ұрпаҚҚа тағзымдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарын-да біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады.Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.Жеңістің жыры таусылмас. 4 жылға созылған қанды соғыстың құрбандарына ақындарымыз ән-жырын арнайды. Меніңше, оларды қалай еске алсақ та жарасады. Олардың біз үшін, ұрпағы үшін аянбай күресіп, елімізді, жерімізді сақтап қалғандары бәріміздің көңілімізде мақтаныш ұялататыны белгілі. Олардың ерлігі алып асқарларға тұрарлық. Мемлекеттен қаншама қаражат бөлініп, еңбектерінің еш кетпегендігін айқындады. Аудан көлемінде де жеңістің 75 жылдығына орай келесі санаттарға әлеуметтік көмек көрсетілді:1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне 2 адамға (Огнев Николай Иванович, Голышенко Петр Денисович) 1000,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек.2) Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерлеріне 198 адам 5940,0 мың теңге (1 адамға 30 000 теңге)3) Қайтыс болған Ұлы Отан соғысының қатысушыларының әйелдеріне 9 адам 270,0 мың теңге (1 адамға 30 000 теңге) 4) Жанқияр еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға;4) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген және бұрынғы КСРО ордендерімен және медальда-рымен марапатталмаған адамдарға 2020 жылғы 9 мамырға 30000 (отыз мың) теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек. Бұл тек біржолғы көмек қана, ал, тағысын тағыларды айтпағанда қандай сыйлық сыйласақ та, олардың бізге берген сыйлығы өлшеусіз...Мен осы мақтанышпен мәңгі өмір сүргім келеді. Қазақ тек ашық аспан астындағы кең далада өмір сүруге лайықты. Жеңіске себепкер болған әр батырға тағзым етеміз, олардың ерліктерін еш ұмыт қалдырмаймыз.