ӘЛЕУМЕТ

ӘМСҚ кімдер ПТР-тестерді тегін өтетіндігін айтты

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 20.05.2020
Оқылды: 230 Печать страницы
ӘМСҚ кімдер ПТР-тестерді тегін өтетіндігін айтты

Бұл мақсатта бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. Бір тест бағасы шамамен 11,5 мың теңгені құрайды.

 

КВИ бойынша ПТР-зерттеулер жүргізуге республикалық бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді.

«Бұл ретте 1,7 млрд теңге стационарларға, 3,7 млрд теңге консультациялық – диагностикалық қызметтер көрсететін емханаларға бағытталады. Осы медициналық ұйымдарда емделушілер ПТР-тесттен тегін өтеді», - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі».

Өңірлер үшін тестілердің қажетті санын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын болады. Қазіргі уақытта COVID-19-ға зерттеу жүргізетін 600-ден астам медициналық ұйымдармен келісім-шарттар жасалды. ӘМСҚ-ның сәуірде осы мақсатта медициналық ұйымдарға алғашқы транш жібергенін айтып өтеміз.

Қорда азаматтардың қай санаттары тегін тест тапсыра алатындығы айтылды:

- COVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылғандар;

- ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар;

- КВИ жұқтырғандармен жақын байланыста болған адамдар;

- стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер;

- тыныс алу органдарының, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларымен динамикалық бақылаудағы 50 жастан асқан пациенттер;

- шетелден келгендер;

- коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған ІІМ қызметкерлері;

және жүкті әйелдер т. б.

Сонымен қатар, Қорда ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде келесі санаттағы азаматтар үшін ПТР-зерттеулер жүргізетінін хабарлады:

- үй карантиніндегі байланыста болған адамдарды;

- арнайы контингентке (респираторлық симптомдары бар және жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері; қарттар үйлеріндегі, интернаттық және өзге де мамандандырылған ұйымдардағы адамдар);

- әскерге шақырылушыларға және т.б.

Естеріңізге сала кетейік, оператоы ӘМСҚ болып табылатын, COVID-19 алдын алу бойынша іс-шараларға республикалық бюджет қаражатынан 55,9 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарлардағы төсек-күндер бойынша емделген жағдайларды төлеуге – 14,7 млрд теңге, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша іс – шараларға тартылған медицина

қызметкерлерінің еңбекақысына үстемеақы төлеуге-35,8 млрд теңге, диагностикалық зерттеуге (ПТР – тесттер) - 5,4 млрд теңге.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.