Алматы облысы 2018 жылы 1 наурызындағы «Облыс елді мекендерін санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру көктемгі-күзгі айлықтарын өткізу туралы» №87 қаулысына сәйкес, Көксу ауданында аудан әкімінің 2018 жылғы 12 наурыздағы №82 өкімімен «Елді мекендерінде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру айлығын өткізу туралы» жарияланып, тазалық айлығын өткізу жөніндегі штаб құрылды және іс-шаралар жоспары бекітілді.
Аудан аумағында 34 елді мекен орналасқан. Елді мекендердегі бүгінгі күнге 25 көше күл-қоқыстан тазартылды. Аудан бойынша 8456 аула бар, оның ішінде 1210 ауласы тазаланды. Арық жүйелерінің 25 км; автомобиль жолдары жағаларының 27 км. жері тазаланды. Тазалық жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі таңға дейін 10 ауылдық округтерден 763 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы күл-қоқыс төгетін полигондарға шығарылды.
Сәуір айының 4 күні Ақшатоған ауылына барар жол бойы тазаланды, оған мемлекеттік және бюджеттік мекемелерден шамамен 70-80 қызметкерлер белсенділік танытып, 3 арнайы техника жұмылдырылды. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына шығарылғаны 12 тонна.
Сәуір айының 6-ы күні Алматы-Өскемен тас жолы мен Қонаев атындағы көше бойы тазаланып, оған мемлекеттік және бюджеттік мекемелерден шамамен 70-ке жуық қызметкер, көше тұрғындары қатысып, 2 арнайы техника жұмылдырылды. 11 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар күл-қоқыс полигонына шығарылды.
Айдос КӨКЕТАЕВ,
аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.