
Баспасөз хатшылары жинаған қаражаттарына Еңбекшіқазақ ауданының көп балалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік азық-түлік пакетін таратты.
Қазіргі қиын қыстау кезінде біздің ұжым азда болсын жинаған 213 мың теңгеге 20 жанұяны қуанттық. Кәсіпкерлер, қайрымды жандар ел бойынша көптеген жанұяларға көмек көрсетіп жатыр. Бізде өзіміздің қолымыздан келгенді жасауға тырыстық,- дейді Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Динара Төлемісова.
Айта кету керек, төтенше жағдай кезінде аудан бойынша 56 млннан астам сомада 6607 отбасыға әлеуметтік азық-түлік пакеті таратылған.