ӘЛЕУМЕТ

«Halyk» қоры Алматы облысының 2000 отбасына азық-түлік себетін тегін таратты

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 29.05.2020
Оқылды: 179 Печать страницы
«Halyk» қоры Алматы облысының 2000 отбасына азық-түлік себетін тегін таратты

Халық банкі АҚ «Халық» қайырымдылық қоры және Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өңірдегі 2000 отбасыға 6000 азық-түлік себеті таратылды. «Халық» қоры Еліміздегі төтенше жағдайда көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созып, көмек көрсетуде.

Азық-түлік жиынтығында күнделікті тұтынатын қажетті тағамдар: күріш, ұн, макарон, май, шай, қант және тәттілер бар. Бүгінде гуманитарлық көмек ауданға жөнелтілді және олар тұрғындарға жергілікті әкімдіктер берген тізімге сәйкес, Halyk Bank қызметкерлері мен еріктілермен таратылады.»,- деді Айдар Жакупов.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл»-, демекші «Халық» қорына еліміздегі Бейбіт Әлібеков, Анвар Жұмағұлов, Айдар Жақұпов сынды кәсіпкерлер, блогерлер мен қоғам қайраткерлері де қолдау көрсеткен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.