ӘЛЕУМЕТ

ОҢ ЖОЛҒА БАСТАЙТЫН ЖОБА

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 02.06.2020
Оқылды: 182 Печать страницы
ОҢ ЖОЛҒА БАСТАЙТЫН ЖОБА

 

    Ел Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру басталды.

    Жол картасы келесі жұмыс түрлері мен нысандар бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздейді: елді мекендерді яғни, аулаларды абаттандыру, көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесіз нысандарды бұзу, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңдарын жайластыру, абаттандыру және тағы сол сияқты көптеген жұмыстар атқарылады.

    Осы орайда ҚР Премьер-Министрінің 26 наурыздағы 55 өкіміне сәйкес дағдарысқа қарсы шаралар аясында Көксу ауданы бойынша 3 037 487 мың теңгеге 26 жоба ұсынылды.

    Атап айтсақ, Жамбыл орта мектебінің стадионын аббаттандыру, Ақтекше ауылындағы Қабанжырау орта мектебінің спорттық алаңының ағымдағы жөндеу, 20 адамға арналған медициналық пункттің құрылысы, Көксу өзеніндегі Көксу платинасын қайта жаңарту, Алғабас ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеу, Жарлыөзек ауылындағы Идигов көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеу, Көксу бекетіндегі Әуезов, Шалабаев, Қазақстан, Байсейітов, 8 март, Қожабергенов, Абай, Желтоқсан көшелеріндегі жолдарды ағымдағы жөндеу, Мұқыры ауылындағы Абай көшесінің жолдарын ағымдағы жөндеу, Айнабұлақ ауылындағы Рамазанов көшесін орташа жөндеу, Алғабас ауылындағы Қабдолда көшесін орташа жөндеу, Қызылтоған ауылындағы Ысқақ көшесін орташа жөндеу, Ақтекше ауылындағы Жандосов көшесін және Көкбастау ауылындағы Жамбыл көшесін орташа жөндеу, Көкбастау ауылындағы Қойшыбеков көшесін орташа жөндеу, Мамбет ауылындағы Абдрахманов, Жоламанов, Мұратбаев, Бақтыбай, Баулықов, Нартбай, Жамбыл, Мамытаев көшесін орташа жөндеу, Еңбекшіқазақ ауылындағы Бабашев, Алтынсарин, Омашбеков, Сақмолданов көшесін орташа жөндеу, Көксу ауданы Жамбыл ауылындағы Шаухаров, Есбосынов, Абай, Ауғанбаев көшесін орташа жөндеу, Бесқайнар ауылындағы Жетысу көшесінің (бас көше) орташа жөндеу, Көксу ауданы жұмыстары, Мұсабек ауылындағы Абай көшесін орташа жөндеу, Жарлыөзек ауылындағы жолдарды орташа жөндеу, Ақшатоған ауылындағы Виноградов көшесіне көше жарығын орнату, Жарлыөзек ауылындағы Идигов көшесі бойындағы стадионды және скверді ағымдағы жөндеу, З. Тамшыбай ауылында спорт алаңын жайластыру, Мұқаншы ауылдық округіне қарасты 50 жылдық Қазақстан ауылында Жапсарбаев пен Нүрпейісов көшелерінің бұрышында орналасқан шағын-футбол алаңы мен воллейбол алаңын жайластыру, Балпық ауылындағы сумен жабдықтау жүйесінің орталық бөлігін қайта жаңарту және салу.   

    Аталған инфрақұрылымдық жобалар бойынша 756 жұмыс орны құрылған. Оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 400-ге жуық адам жұмыспен қамтылатын болады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.