
Бүгінде жер-жерде құрлыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл қатарда Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ елді-мекені де бар. Аталған аумақта дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу нысаны бойынша құрылыс – монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Ауқымды жоба «Ауыл-ел бесігі» атты бағдарлама аясында іске асуда. Айта кету керек, бұл кешеннің салынуына мұрындық болған Алматы облыстық құрлыс басқармасы. Спорт сарайының құрылысы 2019 жылдың шілде айында басталған.
Нысанның жалпы сметалық құны 1091,2 млн.теңгені құрайды. Ғимараттың құрылысына 964,2 млн.теңге бөлінген. Оның ішінде облыстық қазынадан 2019 жылға 600,2 млн.теңге, 2020 жылға 364,0 млн.теңге қарастырылған. Бүгінгі күні жалпы бөлінген соманың 712,0 млн.теңгесі игерілді. Келісім-шарт бойынша аяқталу мерзімі 2020 жылдың 12 қазан айы. Спорт кешені 180 орынға лайықталған.
« Бұл құрлыстың бой көтеруі ауданның көркін ашатыны сөзсіз. Біз тек қана облыс орталығын ғана көркейтіп қоймай, жан-жақтағы елді-мекендерге де көңіл бөлуіміз керек. Осы жолы Ескелді ауданының орталығына осындай әсем ғимарат салуды жоспарладық»,-дейді Алматы облысы құрлыс басқармасның басшысы Дәурен Жолжанов.
Заманауи үлгі де салынып жатқан ғимарат уақытында ел игілігіне беріледі дейді жауапты мамандар.