
Облыс әкімі тапсырмасымен бұл жұмыстар биыл ерте қолға алынды. Бүгінгі күні 3 мың 300 гектар алқап зиянкестерден тазаланды. Қазіргі таңда облыста қауіпті жәндіктің қос түрі кең тараған. Ол азиялық шегіртке мен италияндық прус. Ауылшаруашылық аймақ үшін екеуінен де қауіп зор. Көк желек пен астық дақылдарының ата жауы саналады. Егіс алқабын олардан тазарту авиациалық және жер үсті техникаларымен жүргізілуде. Әсіресе, өзен –сулы, қамыс-құрақты Балқаш аймағы азиялық шегірткенің ошағы. Зиянкестің 60 пайыздан астамы осы маңда. Жер үсті техникаларымен өңдеу жұмыстарын 27,3 мың гектар жерде атқаруға Түркістан облысынан жеке кәсіпкер «Ақкөзов Б» бөлініп, Ақсу, Алакөл, Сарқан, Қаратал аудандарында жалғастырып жатыр. Ал, авиациялық тәсілімен жоспарланған 99,6 мың гектар жерге қызмет көрсетуші «AVIASILA» ЖШС.
Жалпы, Алматы облысында шегірткемен күреске биыл 152,7 млн қаржы бөлінген. 2019 жылмен салыстырғанда өңдеу жұмыстарының көлемі 76,0мың гектарға азайған