
Бүгінгі күні Алматы облысында 68 мың мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 9 мыңы балалар. Олардың кедергісіз ортада өмір сүруіне бар жағдай жасалынуы тиіс. Ал қазіргі ахаул қандай? Қоғамда он екі мүшесі сау адамдар байқай бермейтін, яки ескермейтін кейбір жайыттар бар екені анық. Олардың қатарында ғимараттар мен өзге де мекемелердегі сапасы сын көтермейтін құрылыс жұмыстары да бар. Өкініштісі сол, қимыл-қозғалысы шектеулі жандарға айналамызда сан алуан кедергілер шығып жатады. Солардың бір қатарын Талдықорған қаласындағы «Ерлік» қимыл қозғалысы кем мүгедектер ҚБ төрайымы Роза Хаджи-Ахметқызы айтып берді. Төрайымның сөзіне сенсек Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бақылау бөлімі маңызды субъектілер мен объектілерге барып профилактикалық бақылау жүргізеді. Аталған тексеріс барысында талапқа сай келмейтін нысандар анықталған. Мысалға, өзектілігі жоғалмаған пандустар. Арнайы қоларбаға жабдықталған жолдың жыры таусылмақ емес. Стандартқа сай жасақталмаған пандустар 180 градуста салынғандықтан мүмкіндігі шектеулі адам тұрмақ, қол-аяғы сау жандар да өте алмай, айналып кетуге мәжбүр. Осы текстес, есіктегі табалдырықтарда кедергі тудыратын тағы бір фактор болып отыр екен. Өйткені, қоларбаны табалдырықтан өткізуде әлекке салатынға ұқсайды. Ал есік пен дәліздердің көлемі туралы сөз бөлек. Оның тым тарлығы сонша ішке кіру мүмкін емес екен. Бұл айтылған мәселелер тек арбаға таңылғандарға ғана қатысты емес. Көру қабілетінен айырылған жандарғада қатысты. Жазым аяқ астынан демекші, оқыс оқиғаның алдын алу үшін осындай көзге көрінбейтін жұмыстарға аса мән берілуі тиіс дейді Роза Акжаркенова. Ал, Есту қабілетнен айырылғандарға ақпарат алу қиынға соғып тұрған сыңайлы. Өйткені, сурдоаударма аса қатты дамымаған. Мамандар әр мекемеде арнайы ақпарат тақталары орнатылуы керек деп дабыл қағуда. Айта берсек жіпке тізер шаруа көп. Бұның барлығы кедергісіз орта қалыптастыруға кері әсерін тигізетінін ескерсе екен дейді Роза ханым. Ересек, адамды былай қойғанда тағдыр тауқыметін шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен көріп келе жатқан балдырғандардың күйі не болмақ? Олардың тар қапста қамалып отыруы жарамас. Көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын балалардың сыртқа шығуы да үлкен мәселеге айналып отыр. Айтуларынша, тұрғын үйлердің дәліздерінде арнайы қоларба жүретін жер дайындалмаған. Мұның барлығы мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға әжеп -тәуір кедергі. Қоғамдық орындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалуын қадағалау үшін сала мамандарының тексеріс жүргізетінін жоғарыда атап өткен едік. Осыған қатысты 2019 жылы мамандар жоспардан тыс 60 тексеру жүргізіп, 4 айыппұл салған болатын. Нәтиже шығады деген қылаң берген үміт басым. Айта кетерлігі, ҚР Кодексінің 83-бабының 1-бөлігіне сәйкес, объектілерге кедергісіз қол жеткізу үшін мүгедектердің жағдайын қамтамасыз етпеу әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.