
Қаланың оңтүстік батыс бөлігінен 9ші шағын аудан салынбақ. Аумағы 36 гектар. Мұнда алдағы екі жылда 34 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Баспаналардың жобалық-сметалық құжаттары бүгінге дайын. Сараптама қорытындысынан соң құрылыс жүргізіле бастайды.
Шаһар басшысының ақпарынша, бұл аумақтың бүгінгі күнге инженерлік желілері дайын. Жарық жеткізіліп, жылу, су желілері тартылған. Тұрғын үйлердің құрылысы толық аяқталған кезде іске қосылады. Бұдан бөлек, облыс орталығында үйсіз-күйсіз жүргендерді баспанамен қамту ісі ілгерлеп келеді. Соңғы 20 жылда Жетісудың орталығында 1 млн.шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілген. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында мемлекет қаражаты есебінен 3267 пәтерлі 63 үй, оның ішінде 27 несиелік (1085 пәтер), 21 коммуналдық (1162 пәтер), 15 жалға берілетін үй (1020 пәтер) салыныпты. Қала билігінің сөзінше, биыл қоныс тойы 622 пәтерлі коттедж қалашығында болады.
«Былтыр коттедж қалашығында 155 пәтердің кілтін бердік. Алғашқы легі дәл қала күнінде облыс әкімі Амандық Баталовтың қолынан алған болатын. Ендігі жоспар күзге дейін 622 пәтерді толықтай аяқтап, ел игілігін беру»,- деді шаһар басшысы.
Жалпы, облыс орталығы мәртебесін қайта алған кезден бастап Талдықорған дамудың даңғыл жолында. Қай саласын алмасаңда өсім оң. Сәулеті мен сәні келісіп - ақ тұр. 2001-2019 жылдар аралдығында қала аумағы 3000 гектарға ұлғайыпты. Бұған дамылсыз салынып жатқан зәулім – зәулім ғимараттар айғақ. Бұрыңғы қаңырап қалған көше, бос ғимарат, қараусыз жатқан жер толықтай пайдаға жаратылды. Қазынаға тартылған қаржыда да өсім бар. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен негізгі капиталға инвестициялар көлемі (1,4 млрд.теңге) 2001 жылы 1,4 млрд.теңгеден 2019 жылы 66,4 млрд.теңгеге дейін ұлғайды.
Елді елең еткізер жағымды жаңалықтар биылда кезек күтіп тұрғанын жеткізді Ғалымжан Райылұлы. Келер айда студенттер жатаханасы, Азияда баламасы жоқ жабық бассейн сынды нысандады пайдалануға беріп көпті қуантпақ.