ӘЛЕУМЕТ

Атқарылған жұмыстар айтылды

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 16.04.2018
Оқылды: 563 Печать страницы
Атқарылған жұмыстар айтылды

Жуырда аудандық мәслихаттың кезекті 29-шы сессиясы өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Нұрдәулет Кененбаев, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Қайрат Исаев және мекеме, бөлім басшылары, саяси партия өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралса, бірінші мәселе бойынша аудандық қаржы бөлімінің басшысы Әлия Қалиева баяндама жасады. Ауданда 2017 жылға арналған бюджеттің атқарылу барысына тоқталған ол жыл бойы бюджетке бекітілген өзгерістер туралы, аудан бюджетінің кіріс бөлігі мен шығындардың орындалуын және бюджеттік кредиттер бөлігі мен оларды өтеу бойынша жұмыстарды жеткізіп, білім беру, әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет, спорт және тағы да басқа салаларға бөлінген қаражаттарды баяндады. Күн тәртібінде бекітілген екінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Айдын Жүнісов ауданның әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы хабарлама жасады. Аудан бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту жөнінде баяндама жасаған аудандық жер қатынастар бөлімінің бас маманы Рашит Төлепбергенов жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картаны көрсетіп, жайылым айналымдарының қолайлы схемасымен қатар тағы да бірнеше схемалар арқылы жайылым жер туралы түсіндіріп өтті.
Сессия барысында облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Қайрат Исаев қосымша хабарлама жасап, жергілікті бюджеттің жоспарлануы және атқарылуы бойынша талдау қорытындысын жасады.
- «Көксу ауданының нақтыланған және енгізілген түзетулер нәтижесінде кірістер бойынша аудан бюджетінің жоспары 5 574 804,0 мың теңгені құрады, орындалуы 5 596 616,9 мың теңге, 21 812,9 мың теңгеге немесе 0,3% артық орындалған.
2017 жылдың соңына 7 033,4 мың теңге бюджет қаражаты игерілмеген.
Бюджеттің шығындарының орындалуы 99,9 % құрады, нақтыланған жоспар 5 590 696,0 мың теңге, игерілгені 5 583 662,6 мың теңге.
Жыл сонына қалған қалдық Көксу ауданының мәслихат шешіміне байланысты қосымша бюджеттік бағдарлама әкімшілері арқылы қаржыландыруға бағытталды.
Талдаумен қамтылған кезеңде аудан бюджетінің атқарылуында жалпы алғанда тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілген деп бағалауға болады», - деген Қайрат Исаев талдау қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды жеткізді.
Аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, депутаттар Ғалым Байжұманов пен Шахгусен Гусенов сұрақ қойды.
Сессияда тиісті шешімдер қабылданып, сессия жұмысын аудандық мәслихаттың депутаты Маман Қаблисанов жүргізіп отырды.

Жадыра Ермұханова,
Балпық ауылдық округі.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.