
Маусым айының басында, Алматы облысыәкімі аппаратының ғимаратында, Алматы облысыәкімінің орынбасары Б.Байжұманов жәнеҚазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайласжемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысыбойынша департамент басшысының біріншіорынбасары Ж.Жұмабаевтың қатысуымен«ZOOM» платформасы арқылы онлайн кездесуөткізілді. Кездесу білім беру мекемелерінде оқужылының аяқталуына байланысты заңсыз ақшақаражаттарын жинау тақырыбында өтті. «ZOOM» платформасы арқылы өткізілген кездесуге аудан, қала әкімдері, мектепке дейін және орта білім беру мекемелерінің директорлары қатысты.
Сондай-ақ, кездесуге облыстық ақпараттық үгіт-насихат Штабының мүшесі А.Жазықбаев қатысып, осы мәселе бойынша баяндама жасады.
Мектептердегі ақша жинау мәселесіДепартаменттің ерекше назарында. Мемлекетмектептің бүкіл қажеттілігіне жеткілікті мөлшердеқаражат бөледі, оның ішінде жөндеу жұмыстарымен басқа да шаралар бар. Өкінішке орай, оқужылы басталғанда және аяқталғанда мектептегіөткізілетін іс-шараларға ата-аналардан ақша жинаумәселесі күн тәртібінен түскен емес.
"Білім туралы" ҚР Заңының 8-бабына сәйкесМемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарыныңтегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімалуын қамтамасыз етеді.
Жалпы, қазір Агенттік, қылмысты ашу кезіндебелсенді азаматтардың көмегіне де сүйенеді. "Call-орталыққа әртүрлі шағымдар, ұсыныстар мен пікірлер түседі. Операторлар сыбайлас жемқорлықфактілері, оның ішінде жасалған немеседайындалып жатқан заң бұзушылықтар жайлы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіружағдайлары туралы хабарламаларға тәулік бойықабылдайды.
Мәселен, тек сәуір – мамыр айларыныңаралығында Call-орталыққа облысымыздыңмектептерінде сыныптарды жөндеу жұмыстарымен мұғалімдерге сыйлыққа алу үшін мәжбүрлітүрде ақша жинау фактілері бойынша 20 астамхабарлама түсті. Барлық шағымдар қаралып, тиістіжұмыстар жүргізілді.
Облысымызда балаларды адамгершілік, адалдық, ар-ождан және парасаттылыққа тәрбиелеумақсатында "Адал ұрпақ" және "Саналы ұрпақ" клубтары құрылған.
Осы бағыттағы жұмысты жандандырумақсатында баламалы әдістемені енгізумен жәнебілім берудің жаңа трендтерін ескере отырып, «Жетісу - адалдық алаңы» жобалық кеңсесініңбілім саласындағы бағыты бойынша 2020-2021 жылға арналған жұмыс жоспары құрылып, бекітілді.
Қазақстан Республикасы Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініңАлматы облысы бойынша департаменті.