
Ескелді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Ертұрғанов Жанас Жанайдарұлы аудан тұрғындарымен әкімдіктің инстаграм парақшасы (@eskeldi_akimdigi) арқылы тікелей эфирде тілдесті. Эфир барысында Жанас Жанайдарұлы «коммуналдық төлемдердегі өтемақыны кімдер ала алады?» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін аудан тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, жауабын алды.
Айта кетсек, сұрақтардың басым бөлігі карантин режимі кезінде коммуналдық төлемдерге бөлінге 15 000 теңге жайлы және үй кезегі жайлы болды. Тікелей эфир барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Ертұрғанов Жанас Жанайдарұлы тұрғындардың қойған сұрақтарына толығымен жауап беріп, алдағы уақытта ауданды көріктендіру мақсатында атқарлылатын жұмыстар жайында айтып өтті.