ӘЛЕУМЕТ

САПАЛЫ ЖОЛДЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 16.06.2020
Оқылды: 198 Печать страницы
САПАЛЫ ЖОЛДЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

«Биыл Жамбыл ауданындағы елді мекендердің автомобиль жолдарын жөндеуге 1771,3 млн. теңге бөлінген» - деп хабарлайды «Jetisy Media» ақпараттық алаңы.

 

Жамбыл ауданында жол жөндеу саласы бойынша Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасымен 4 жоба іске қосылған. Олар:

1. Ұзынағаш ауылының көше жолдарын орташа жөндеу;

2. Жаңақұрылыс ауылының көше жолдарын орташа жөндеу;

3. Қайназар ауылының көше жолдарын орташа жөндеу;

4. Ұзынағаш ауылының көше желісін ағымдағы жөндеу.

 

Осы 4 жоба бойынша ауданда 266 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, олардың 50 пайзы, яғни, 133 адам аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы қабылдануда. Бүгінгі күнге дейін 97 адам Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тартылды. Жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмысқа қабылдау әліде жалғасуда.

 

«2020жылдың жоспарына сәйкес аудандық маңызы бар және елді мекендердің арасындағы 45,2 км жолды орташа жөндеуге және 26,3 мың шаршы метр автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ жолдың қысқы күтімінежалпы сомасы 1771,3 млн. теңге қарастырылған. Нақтырақ айтқанда , Автомобиль жолдарының орта жөндеу жұмыстарына 1652,1 млн. теңге, елді мекен көшелерін ағымдағы жөндеуге 89,3 млн. теңге, аудан жолдарының қысқы күтіміне 30 млн. теңге бөлініп отыр»- деді Жамбыл аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы –Алмас Мейрамбекұлы.

 

2020 жылғы аудандық және ауылішілік жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 57,1 пайыз. Егер аумақтарды дамыту бойынша тиісті қаржы бөлінсе бұл көрсеткіш 79,5 пайызға жетпек.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.