ӘЛЕУМЕТ

ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІҢ АЙТҚАНДАРЫ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ!

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 26.06.2020
Оқылды: 159 Печать страницы
ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІҢ АЙТҚАНДАРЫ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» атты сұхбатында халықаралық қоғамдастықтың алдында кемшін ұлт ретінде көрінбеу үшін қандай қадамдар жасау керек екендігін тізбектеп берді. Соның ішінде ең бастысы мемлекеттік қызметке қазақ тілін жетік білетіндер тағайындалуы керек, тілге деген қажеттілікті арттырған жөн деуі қуантады. Сонымен қатар, еліміздің әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың табысын сақтау үшін де арнайы шаралар қабылдап жатыр. Тағы бір айта кетер жәйт дәл қазір cоvid19 үдеп тұр. Той деген пандемияны шарықтататыны анық. Сондықтан той асабасы, әншілер халықтың тарапынан шақырылған болса саналы түрде бас тарту керек. Денсаулығымызды ең алғашқы орынға қойсақ, індетті де азайтатыныз анық қой. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, халық болып осы мәлімдемедегі Президент айтқан талаптар мен қарапайым ережелерді бұлжытпай орындап, қатерден аман шығу біздің – яғни, барша ұлттың өз қолында.

 

«Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.А.Бейсенов

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.