ӘЛЕУМЕТ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір той тойлайтын уақыт емес екенін айтты.

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 26.06.2020
Оқылды: 182 Печать страницы
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір той тойлайтын уақыт емес екенін айтты.

«Қазір «тойың тойға ұлассын» дейтін уақыт емес. Технология дамыған заманда сіз қандай да бір себептермен және мақтаныш істермен айналысуды доғару керек. Осындай қауіпті пандемия кезінде тіпті біздің кейбір азаматтар маған хат жазып, тойды өткізуге мүмкіндік беруімді сұрайды. Біз қиын күрес кезеңінде тұрмыз. Сондықтан еңбек өмір салты мен басты міндетімізге айналуы керек. Біз енді саналы түрде ойлауымыз керек, той туралы ойламауымыз керек. Бұл ақыл, ғылым, білім және еңбек дәуірі», - деді ол.
Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы сіздің мақалада көтерген мәселелер өте маңызды тақырыптардың бірі екені сөзсіз. Әсіресе ана тілі туралы ойыңыз. Халқымыз «Ана тілін білмеген ақылы жоқ желікбас» деп бекер айтпаса керек. Ана тілінің қадір-қасиеті кез келген қоғамда өзектілікті жоғалтқан емес. Ұлт болып қалыптасумыздың ең қажет аспектісінің бірі тіл болса, сол тілімізді дамыту, орынды қолдану, атадан балаға қалған аманат ретінде қабылдауды санасына сіңірсек ешқашан ұлттан тамырымыз ажырамасы хақ. Демек, ата тіліміздің мерейін асырып, мәртебесін көтеру сіз бен біздің қолымызда. Бүгінде бүкіл әлем белгісіз дерттің алдында шарасыздық танытып тұрған қазіргі уақытта бұл індеттің кең таралу қаупі төніп тұрғаны белгілі. Президент бұл уақытта бізді құтқаратын сабырлылық пен темірдей тәртіп екенін өз сөзінде де айтып кетті. Сол себепті, карантин режимін қатаң сақтап, тазалық пен тәртіпке бойұсынғанымыз дұрыс. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты халықтың бойына болашаққа деген сенім, әрбір қазақстандықтың бойына-күш, жүрегіне-қуат ұялата білді деп ойлаймын. Елімізге тыныштық, амандық тілейміз. Көк туымыз мәңгі көкте желбіресін!!!

Ұлан Досымбеков, Көксу ауданы әкімінің орынбасары.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.