
Мемлекет басшысы 29 маусым күні мемлекеттік қызметкерлермен және бірқатар облыс, қала әкімдерімен еліміздегі індетті алдын- алу мақсатында бейнеконференция өткізді.
Өз сөзінде Президент Қасым- Жомарт Тоқаев уақытында қолданылған шаралар мен карантиндік жүйе ауыр індеттің елімізге дендеп енуіне біраз болса да сеп болғандығын айтты. Дегенмен, карантин жүйесін алып тастау арқылы дерттің 7 есеге өскендігін байқаймыз. Кейір облыстарда ауырған адамдардың қарасы көбейіп, ауруханаларды тіпті орындар мен дәріханаларда арнаулы дәрілердің тапшылығы байқалады. Дерттің өсімі әсіресе, Атырау облысында байқалады, және Алматы қаласында да аурудың ошақтары көбейіп тұр. Осы тұрғыда мемлекет басшысы бірқатар қала әкімдеріне сөгіс жариялап, қайтадан карантиндік жүйені енгізуді ұсынды.
Жиындар мен жиналыстарға пайдаланатын қаражатты дәрі- дәрмек пен қажетті құралдарға жұмсауды тапсырды.
Отандық телеарналардан арнайы бағдарламалар ұйымдастырып, дәрігерлермен тікелей байланыс орнатып, халықтың сұрақтарына шынайы жауап беруді атады.
“Дерттің ендеп бара жатқандығы баршамызды елеңдетеді, сонда да сабыр сақтап, аса даурықпауды сұраймын”,-деді өз сөзінде ел басшысы.
Марат АБДЫҒАЛЫМОВ,
аудандық аурухананың бас дәрігері