ӘЛЕУМЕТ

Бірінші байлық - денсаулық

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 30.06.2020
Оқылды: 183 Печать страницы
Бірінші байлық - денсаулық

Бүгін мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкімет мүшелері, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары және қалалар мен облыстардың әкімдерін жинап бейне байланыс режимі арқылы кеңес отырысын өткізді. Президентіміздің отырыста айтқан әрбір сөзі орынды. Бұл індеттің көбеюіне карантиннің сақталмағаны себеп болып отыр. Дегенмен, 
- Ведомствоаралық комиссия өзіне жүктелген міндетті атқаруға шамасы жетпеді. Мұны ашық мойындау керек Денсаулық сақтау министрлігі орталық және жергілікті билік органдарының жұмысын үйлестіре алмады, – деді мемлекет басшысы.  Сондай-ақ бірнеше қаланың әкімдеріне сөгіс айтып, жауапты тапсырмалар берілді. Мемлекет басшысының бұлай қатаңдық танытуы елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті. 
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп, емдеудің маңыздылығын атап өтті. Осы ретте проблемаларды шешу үшін Үкімет пен өңірлердің әкімдеріне барлық қаржылық және инфрақұрылымдық ресурстарды жұмылдыру тапсырылды.
Дәл осындай сәтте тек тәртіп қана жағдайды түзей алады деп есептеймін өз басым. Сондықтан басшымыздың әр айтқан сөзіне аса мән беріп ел басында жүрген азаматтарға қолдау көрсетіп, халық болып бірігіп карантин режимін өзіміз үшін ұстансақ деймін. Тым болмаса жеке басымыздың гигиенасына жауап берейікші!

 

Секенбай ШЕҢГЕЛБАЕВ

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.