ӘЛЕУМЕТ

Елбасы мен Елорда егіз ұғым

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 05.07.2020
Оқылды: 192 Печать страницы
Елбасы мен Елорда егіз ұғым

Елбасы мен Елорда егіз ұғым. 
Осыдан жиырма алты жыл бұрын жұдырықтай жұмылған қазақ баласы Арқа төрінде Астана атты шаңырақты төбеге көтеріп, бір-бір уық болып қадалған еді. Айналасы жиырма алты жылдың ішінде әлем таныған шаһар ерекше құлпырып, ажарлана түсті. Ал, бүгін кешегі жас, бүгінде бас қалаға айналған Астана Нұр- Сұлтанға айналып, Елбасымен бірге жасап келеді.
Елбасының «Біз Астананың әр кірпішін бірге қаладық, әр талын бірге отырғыздық, отаншыл, мемлекетшіл әрбір азамат осы қаланың өркендеуіне, гүлденуіне қолынан келгенінше үлес қосты, ендеше елордамызды бүкіл Қазақстан болып тұрғыздық» дегені бар.

Шындығында, Отанымыздың жүрегі Еуразияның нақ ортасында, Сарыарқаның төрінде, Есілдің жағасында орналасқан дегендеріміз құр сөз емес, шындыққа айналды. Ол тарихымызда алғаш рет тек өзіміздің ұлттық мүддемізден шыға отырып қабылданған шешім болды. «Астана батыс пен шығысты жалғаған шаһарға, тәуелсіздікпен еншілес, егіз ұғымға, әлемдік саясатта қадамы құтты қалаға айналды. Ол — еркіндік пен егемендіктің асқақ символы, тәуелсіздіктің тұғырлы тәжі», — дейді Елбасы.

Бүгінде 26 жылдығына қадам басқан Астана бейбітшілік пен бітімгерліктің бастамашысы. Мұнда өтіп жатқан түрлі халықаралық жиындар мен басқосулардың артында елдің қамы мен мүддесі , Тұңғыш Президентіміздің ерең еңбегі тұр. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы» атты кітабының «Жаңа дәуірдің жаңа астанасы» деп аталатын бөлімінде мынадай жолдар бар: «Әр жыл сайын Астана өзінің туған күнін тойлайды. Астана Еуропа мәдениетінен – прагматизмді, ал Шығыстан рухани дәлдікті мұра етіп алады. Таяу болашақта Астана Қазақстан Республикасының ірі саяси, мәдени және іскерлік орталығы, осы заманғы қаласы болады».. Тәуелсіздігіміздің бойтұмары – Астананың күні ел өміріндегі тарихи оқиғалар тізбегінен орын алатыны анық. Бұл күн сан қилы кезеңдерді басынан өткерген халық үшін ерлік пен өрліктің биік шыңы. Бұл -осынау мерзім ішінде Отанымыздың қарқынды жылдамдықпен дамып, Қазақстанның берік ұстанған саясатын, мәдениетін, білімі мен экономикасын әлемге паш ететін күн. Өйткені Астана жай қала емес. Бұл еліміздің бүкіл тарихын, бүкіл болмыс-бітімін бойына сіңірген аспанмен астасып жатқан ертегілер елі. Астана барда Қазақ елі бар. Астана-қазақтың жүрегі.

 

Ұлан ДОСЫМБЕКОВ,

аудан әкімінің орынбасары

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.