ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында ішкі аудиторлық іс-шаралар қорытындыланып, қаржылық есептілікке аудит жүргізу өзгерістері туралы айтылды

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 01.02.2019
Оқылды: 556 Печать страницы
Алматы облысында ішкі аудиторлық іс-шаралар қорытындыланып, қаржылық есептілікке аудит жүргізу өзгерістері туралы айтылды

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Азамат Мұсабек аталған департаменттің 2018 жылдың аудиторлық іс-шараларын  қорытындылады.

Баспасөз конференциясы барысында 356 аудиторлық іс – шаралар өткізілгенін, оның ішінде 336-ы жоспардан тыс тексеру болса, 20-ы жоспарлы түрде өткен.

Азамат Мұсабектің айтуынша, өткен жылы тексеру нәтижесінде орын алған заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 70 872 910,4 мың теңгені құраған, оның ішінде 19 713 275,4 мың теңгесі қаржылық бұзушылықтар және 51 159 635,0 мың теңге процедуралық бұзушылықтар болып шыққан.

«Бюджетке қайтару, қалпына келтіру, есепке алу, қайтару бойынша анықталған 19 761 916,4 мың теңгенің, 19 666 294,8 мың теңге бюджетке қайтарылды және қалпына келтірілді (бұл 99,5 % құрайды)» -,  дейді ол.

Аудит жүргізілген мемлекеттік сатып алудың жалпы сомасы 49 913 768,6 мың теңгенің ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заң бұзушылық бойынша - 44 228 863,5 мың теңге анықталған. Онда, мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер ететін бұзушылықтар бойынша – 33 538 284,5 мың теңге, мемлекеттік сатып алулардың нәтижелеріне әсер етпейтін - 10 690 579,0 мың. теңге.

«Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша тексерілген объектілерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы жіберілген 238 нұсқаманың            195 толық көлемде, ал 43 ішінара орындалды.   Аудиторлық қызметтің қорытындысы бойынша тексерілген объектілірдің 159 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Аталған тұлғалардың 104 -не ескерту, 49 - сөгіс, 6 - қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Азамат Мұсабек.

Сондай-ақ, есептік кезеңде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің талаптарың бұзған үшін 502 әкімшілік іс қозғалып, 40 144,5 мың.теңгеге әкімшілік айыппұл салынған. Бүгінгі күні  38 701,5 мың теңгесі төленген.

- Айта кету керек, келешекте  барлық аудиторлық тексерулер электронды түрде жүргізуге көшірілуі көзделген. Бұл өз кезегінде, қаржылық операциялардың ашықтығын қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге ықпалын тигізеді, - дейді Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті басшысының орынбасары Азамат Мұсабекұлы.

Ал, аталған департаменттің қаржылық есептілік аудиті  бөлімінің басшысы Барлыбек Айнабеков 2018 жылы Департаментте, Қазақстан Республикасының Қаржы Министірінің 2017 жылдың 04 сәуірдегі  №272 бұйрығымен  «Қаржылық есептіліктің аудиті» процедуралық стандартымен таныстырды. Сондай-ақ, ішкі мемлекеттік аудит Заңы  бойынша,  ішкі мемлекеттік аудиттің уәкілетті органдары   мемлекеттік мекемелерінде қаржылық есептілігіне жыл сайын аудит жүргізуі тиіс екендігін айтты. Осыған байланысты, департаментте  қаржылық есептілік аудиті бөлімі құрылғанын мәлімдеді. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық  есептілігінің және бүгінгі күнде бұл бөлімде білікті мамандар - мемлекеттік аудиторлар жұмыс атқаруда.

2019 жылы жоспарланған аудиторлық іс – шаралар өткізу тізімінің форматы өзгертіліп, бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігінің дұрыс жасалуы бойынша аудиторлық іс – шаралар жүргізу басымдылығын айтты.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.