ӘЛЕУМЕТ

Әлеуметтік салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 01.02.2019
Оқылды: 428 Печать страницы
Әлеуметтік салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Әлеуметтік салада қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланып, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі шараларды одан әрі күшейту мемлекеттік мекемелердің негізгі міндетіне айналды.
Ағымдағы жылдың 24 қаңтар күні Балпық би ауылының орталығында аудан тұрғындарына әдістемелік кеңес беру, көмек көрсету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуды насихаттау мақсатында «Әлеуметтік салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өтті.
Көксу ауданының білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, жұмыспен қамту орталығы және аудандық орталық  емхана мамандары мен басшылары іс-шараға белсенді түрде қатысып, аудан тұрғындарының сұрақтарына жауаптарын беріп, мемлекеттік қызмет алу бойынша тиісті кеңестерін берді.  Жәрмеңкеге келген аудан тұрғындары арасында жұмыс іздеушілер жұмысқа орналасу бойынша, жоғарғы оқу орындарын бітірген мамандар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша, әлеуметтік көмектер алу бойынша, медициналық қызметтерді электронды түрде алу туралы және  т.б. сұрақтарға  жауаптар беріліп, қызмет алушыларға толық және жан-жақты ақпараттар берілді. Сонымен қатар,  іс шара барысында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу туралы арнайы брошюралар таратылды.
2018 жылы Көксу ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 17544 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 12707 қызмет электронды түрде көрсетілген. Мысалға, әлеуметтік сала бойынша жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі (АЖ) - 1899 мемлекеттік қызмет, мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу («Е-Акимат» АЖ) – 733  мемлекеттік қызмет  электронды түрде көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, жемқорлыққа қарсы әрекеттік және мемлекеттік мекемелердің қызметіне азаматтардың сенімділігін арттыру болып табылады. Осыған орай, алдағы уақытта Көксу ауданының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында аудан әкімі Әділ Алмас  Қабдулұлының 2019 жылға бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес шаралар атқарылатын болады.


Абзал ЗЕЙНУЛДА,
аудан әкімі аппаратының
мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық жүйелер
бөлімінің басшысы.                                                              

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.