
Жетісулықтар құрбан шалу рәсімін онлайн режимінде өткізуге өтінім бере алады. Бұл туралы ақпараттықалаңында «JETISÝ MEDIA» Талдықорған өңірі бойыншаҚМДБ бас имамы Ардақ Оразбаев хабарлады.
Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, құрбан айт мерекесі қарсаңында Қазақстан мұсылмандарыдіни басқармасы qurban2020.kz. арнайы сайтын іске қосты
Ол арқылы әрбір ниет білдіруші құрбандық шалу рәсімінөткізуге өтініш бере алады.
"Енді Алматы облысының тұрғындары да өз борышынүйден шықпай-ақ денсаулығына қауіп төндірмей орындауғамүмкіндігі бар. Ол үшін сізге сайтқа кіріп, "құрбандық шалу қызметіне тапсырыс беру" ұяшығын басу қажет, әрі қарайөңірді, толық атын, телефон нөмірін көрсету қажет, соданкейін құрбандық шалу үшін мал таңдап, қажетті соманытөлеуге болады", - деп түсіндірді Ардақ Оразбаев.
Бас Имам сондай-ақ, азаматтардың рәсімге жеке қатысаалмайтынын атап өтті. Өйткені, сойып, етті бөлшектеу үшінарнайы бөлінген орында қасапшылар адамдардыңтапсырыстарын орындайтын болады. Ал тапсырыс берушіфото - және бейне есеп сұрай алады. Ол ет мұқтаждарарасында толығымен таратылатынын атап өтті. Ал қызметкетапсырыс берген азаматтар құрбандыққа шалынған малдың етінің үшінші бөлігін өзіне қалдыра алмайды.
Құрбандық шалу рәсімін өткізу орнында міндетті түрдебарлық қажетті санитарлық шаралар сақталатын болады. Бұл туралы Талдықорған қаласының эпидимиологиялыққадағалау бөлімінің басшысы Айдана Тәттімғалиевамәлімдеді.
"Құрбандық шалу қатаң санитарлық талаптарды сақтайотырып жүргізіледі. Ет сақтайтын орындарда қажеттімедициналық анықтама және арнайы киім болады. Ал салттың өзі ашық аспан астында өтеді. Сондай– ақ, 4 мобильді топ міндетті санитарлық және карантиндікшаралардың сақталуын қадағалайтын болады", - дедіАйдана Тәттімғалиева.