ӘЛЕУМЕТ

Дәріхананың афишасы

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 13.08.2020
Оқылды: 162 Печать страницы
Дәріхананың афишасы

Дәрі дәрмек бағаларының көтерілуін болдырмау, сондай-ақ халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірдің дәріханаларында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шекті бөлшек сауда бағаларын көрсете отырып, афишаларды орналастыруды ұйымдастырады.

Бұл жұмыс біздің облыста өткен аптада басталды.

Афишаларда ең көп сұранысқа ие 5 дәрі-дәрмек көрсетілген, сондай-ақ денсаулық сақтау Министрі бекіткен дәрі-дәрмектердің жаңартылған толық тізбесіне сілтеме жасай отырып, QR-код орналастырылған.

Бүгінгі күні бұл тәжірибе халық үшін пайдаланудың ыңғайлылығына байланысты өзінің оң әсерін көрсеткенін айта кету керек.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.