ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында «Nur Otan» париясының партияішілік сайлауы бастау алды.

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 20.08.2020
Оқылды: 180 Печать страницы
Алматы облысында «Nur Otan» париясының партияішілік сайлауы бастау алды. Облыс бойынша 323 үміткер праймеризге қатысуға өтінішін білдіріп үлгерген. Оның 175-і тіркелген. Үміткерлердің ішінде 23 адам облыстық деңгейге, 300 адам аудандық деңгейге өтініш білдірген. Праймериз келесі кезеңдер бойынша өткізіледі, олар: 1) кандидаттарды ұсыну және тіркеу; 2) кандидаттарды үгітке даярлау; 3) үгіт жұмысы; 4) дауыс беруді өткізу; 5) тізімдерді дайындау. Праймеризге Ел аумағында 10 жыл тұрған, 20-25 жастағы азамат қатыса алады. Үміткер сотталмаған, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыспен айыпталмаған болуы тиіс. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының мүшесі болуы қажет. Партия қатарынан шығарылған тұлға праймеризге жіберілмейді. Үміткерлерді тіркеу 17 тамыздан басталып 29 тамызға дейін жалғасады. Ал, 7 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі аралықта кандидаттардың үгіт жұмыстары, сонымен қатар 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өткізу жоспарланған. «Үміткерлер қатысу үшін primaries.kz сайты немесе өзіңіздің тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша аумақтық партия филиалында ақпарат алып, талапқа сай болса құжаттарын өткізуге болады»,- дейді «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Әкебайұлы. Дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді. Интернет желісі жоқ елді мекен тұрғындары дауыс беру учаскелеріне келіп, қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс бере алады
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.