ӘЛЕУМЕТ

Жаңа әлеуметтік нысан ашылды

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 28.08.2020
Оқылды: 182 Печать страницы
Жаңа әлеуметтік нысан ашылды

Көксу ауданы Көксу ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Жаңа әлеуметтік нысан ауыл тұрғындары үшін ҚР Конституциясының 25 жылдық мерекесі күніне орай тамаша сыйлық болды. Қазір пандемия кезінде денсаулық сақтау саласын дамыту өте маңызды. Ал облыста осы мәселеге қатты көңіл бөлінуде. Мердігер "Строй Индустрия" ЖШС мемлекет қазынасынан бөлінген 341 млн теңгеге су жаңа ғимарат тұрғызып отыр. Жалпы аумағы 823 кв.м құрайды. Ескі ғимарат шамамен 1954 жылы салынған. Ауыл халқына тарлық етіп, ескіріп те кеткен. Міне, бүгін мереке қарсаңында әр аусымына 30 адам қабылдайтын амбулатория ауыл игілігіне берілді. Салтанатты жиынға аудан әкімі Алмас ӘДІЛ, аудандық аурухананың бас дәрігері Марат Сәбетайұлы және басқа да қонақтар қатысты. Жаңа ғимарат заманға сай толықтай медициналық жарақтармен толықтырылған. Амбулаторияның басшысы ретінде 7 жылдық еңбек өтілі бар дәрігер Арзыгүл Қуан жұмысын бастайды. 

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.