
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдау арнады.
Жолдау 11 бөлімнен тұрады. Онда қоғамның әр саласына жеке тоқталған.
Президент өз мәлімдемесінде мемлекеттік қызметтің жұмысын жақсарту мақсатында саяси реформаларды жаңартудың кезі келгенін айтты.
Қ. Тоқаев «азаматтық қоғамға саяси реформалар қажет, сондықтан оларды жүзеге асыруға басты назар аудару керек. Демократияның басты жауы - білімнің жеткіліксіздігі және популизм. Мұны ұмытпағанымыз жөн. Азаматтар елдегі реформаларды қолдайды деп сенемін» - деді.
Осыдан қарап-ақ, елдегі азаматтық қоғамға артылған жауапкершіліктің жүгі айтарлықтай еселенгенін аңғаруға болады.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі жаңа агенттік Мемлекет басшысына тікелей есеп бере отырып құрылу қажет екенін тілге тиек етті.
Мұнысы өте орынды, біздегі билік бір арнаға тоғысқан кезде ғана белгілі бір жетістікке жетеміз. Еліміздің бел белесті бағындыруы тек қана мемлекеттік реформаларға қатысты емес. Темірдей тәртіпке де байланысты.
Осы орайда, Президент құқық қорғау және сот жүйесін реформалау бойынша өкілетті комиссия құрылып жатқандығы жайлы айтты.
Жолдауда айтылған саяси реформалардың ары-қарай дамуына көпшілік болып ат салысуымыз қажет. Бұл бастама жарқын болашақтың кепілі боларына сенеміз.
Ермек Келімсейіт Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.