ӘЛЕУМЕТ

Ақсу ауданында 519 адам тұрғын үй кезегінде тұр

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 04.09.2020
Оқылды: 142 Печать страницы
Ақсу ауданында 519 адам тұрғын үй кезегінде тұр

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері туралы ақпарат қашанда маңызды. Бүгінгі күні халықты қажетті мәліметпен құлақдандыру үшін мекеме басшылары тікелей эфирде ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізуде.

Кезекті тікелей байланыс Ақсу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен өтті.

Аталған мекеменің құзіретіне:

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру"

"Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру"

"Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмсету жатады.

Қызметтер көрсету электронды, қағаз жүзінде және тегін көрсетіледі.

Негізі бөлімде ең көп көрсетілетін қызмет тұрғын үй кезегі болып тұр. Тұрғын үй мәселесі қазіргі уақытта ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Оны шешудің әр түрлі жолдары бар: сатып алу, банктердің ипотека бағдарламалары, қызметтік тұрғын үй алу, соңыра сатып алумен жалға алынған пәтерді алу, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алу немесе әкімдіктен азаматтардың жекелеген топтары үшін баспана алу.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің бірінші бастамасында «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» туралы және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсіміндегі сөзінде негізгі 10 бағыттың 5 – ші бағытында тұрғын үй мәселесін шешу үшін түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айырықша назар аударатынын, алдымызда біріңғай тұрғын үй саясатын жасақтау міндетінің тұрғанын және Үкімет осы бағытта нақты шаралар қабылдайтынын айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдың соңында, тұрғын үй кезегі толықтай электронды түрде көрсетілетін болды.

2020 жылы қаңтар айынан бастап тұрғын үйге кезекке қою тәртібі nur-baspana.gov.kz электронды базасы арқылы жүргізілуде.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.