
«Адал Көмек» жобасы аясында Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Жанат Жүнісбековпен аймақтағы инфрақұрылымды дамыту мәселелері тақырыбында онлайн-конференция өтті, деп хабарлайды «Jetisy Media».
«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» жобасы бойынша 12 көшенің орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта «Балқаш Жолдары» ЖШС және «Ақмарал» ЖШС мердігерлері жөндеу жұмыстарына тартылған.
«Бүгінгі күні ауданның 5 көшесіне асфальт төселді. Сондай-ақ, 6 көше жаңартылуда. Тағы бір көшенің жөндеу жұмысы осы айда басталады. Барлық жол жөндеу жұмыстарын қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр », - деді Жанат Жүнісбеков.
12 көшені орташа жөндеу жұмыстарына 96 адам тартылды. Оның 48-і жұмыспен қамту орталығынан қамтылған.
Бақанас ауылында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша өткен жылы «Дене шынықтыру-сауықтыру» кешенінің құрылысы басталғанын айта кеткен жөн. Нысан келесі жылдың қазан айында пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ, Бақанас ауылына газ құбырын тарту жоспарланып, олардың жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.