
Аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидат Досымбеков Әлдибек Рғайбекұлының өмірбаяны
1962 жылы Талдықорған облысы, Киров ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келгем.
Еңбек жолын 1979 жылы Алғабас колхозында жұмысшысы болып бастадым.
1980-1982 жылдары Кеңес Әскері қатарында әскери борышымды өтедім.
1983-1988 жылдары Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтында «мал дәрігері» мамандығы бойынша жоғарғы білім алып шықтым.
1988-1992 жылдары «Алғабас» өндірістік кооперативінде мал дәрігері болып қызмет атқардым.
1992-1999 жыдары «Алғабас» өндірістік кооперативінде ферма меңгерушісі болып қызмет атқардым.
1999-2002 жылдары «Науатоған» шаруа қожалығының төрағасы болып қызмет атқардым.
2002 -2012 жылдары Алғабас ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқардым.
2012 жылғы қаңтардан бүгінгі күнге дейін, Көксу ауданы мәслихатының хатшысы болып еңбек етеудемін.
Көксу аудандық мәслихатының V, VI шақырылым хатшысы болып сайландым.
Еңбектері үшін Қазақстан Республикасының Президенті Касым -Жомарт Кемелұлы Токаевтың «Құрмет грамотасымен», Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Құрмет грамотасымен», «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2019 жылғы «Үздік мәслихат хатшысы» төсбелгісімен, "100 жыл Д.Конаев" төсбелгісімен, "100 жыл М.Сеңгірбаев"төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына - 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына - 25 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына - 20 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына - 25 жыл», мерекелік медальдарымен, марапатталдым.
Досымбеков Әлдибек Рғайбекұлының сайлауалды бағдарламасы
Құрметті сайлаушылар!
Үстіміздегі жылы әлемді жайлаған короновирустық пандемия біздің елімізді де айналып өтпеді. Алайда кездескен қиындықтарда еңсерудің жолын таба білген еліміз, болашаққа деген нық сеніммен алға қарай дами түсуде. Қазіргі таңда еліміздің қоғамдық саяси өмірінде аса маңызды саяси оқиға түрлі сатыдағы мәслихатқа депутат сайлауын жүргізуге қызу дайындық басталып кетті.
Осы ірі саяси іс шараға партия Лидері, Елбасы Н.Ә Назарбаевтың бастамасымен іске асып жатқан праймериздің-қоғамға тың серпін берері сөзсіз.
Осы орайда мен «Nur Otan» партиясының мүшесі ретінде азаматтық белсенділік танытып, өзімнің Көксу ауданымда партия ішілік іріктеу праймеризге қатысып, аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидат ретінде тіркелдім.
Негізгі мақсатым: Қазіргі таңда ұйыған айрандай береке-бірлігі жарасқан аудан халқының экономикалық-әлеуметтік және мәдени дамуына өз үлесімді қосу.
Менің бағдарламамның қайнар бастауы жетекші партиямыздың -«Қазақстан-2050» Стратегиясын, «100 Нақты қадам» Ұлт Жоспарын және «Nur-Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдараламасын басшылыққа ала отырып 5-бағыт бойынша төмендегі өзекті мәселелерді ұсынамын.
1. Аудан экономикасына тың серпін беретін ең өзекті мәселе «Аудан көлемінде суару желісін таза түбегейлі жаңғырту және ауылды елді мекендерді таза ауыз су мен қамтамасыз етуге ықпал ету.
2. Дәнді дақылдарды өңдейтін кәсіпорындардың көптеп ашылуына жол ашатын экономикалық және бизнестің тиімді үйлесімді жүйесін қалыптастару.
3. Соңғы жылдары аудан көлемінде көптеген ондаған тұрғын үйлер бой көтерсе де, халықтың тұрғын үйге деген сұранысы жыл санап арта түсуде. Осы жағдайға мұқият зерделеп, тұрғын үйге
қатысты түрлі мемлекеттік бағдарламалардың аудан көлемінде тиімді іске асуына ықпал ету.
4. Қазіргі таңда аудан халқы толыққанды қол жеткізе алмай отырған газ құбырын тұрғын үйлерге, ауылды жерлерге жеткізу мәселесін түбегейлі шешілуіне ықпал ету.
5. Ауданымызда жетіспей отырған медицина кадрларын толық тарту үшін-осы сала қызметкерлеріне аудан көлемінде көрсетілетін қолдау мен көмекті ынталандыру механизимінің ізгілендіруге атсалысу.
Осы аталған бағыттар бойынша кешенді іс-шара жоспарын жасап, орындалуына бар күш жігерімді саламын.
Қадірменді сайлаушылар!
Маған сенім білдіріп, көтеріп отырған бастамаларымды қолдаған жағдайда ауданның барлық тұрғындарының мүдделерін білдіріп, халық пен билік арасындағы екі жаққа да тиімді диалогтың жүргізілуне аянбай еңбек етемін. Барлық қажыр – жігерімді, білімім мен өмірлік тәжірибемді ауданда тұратын барлық ұлттардың бірлігін сақтауға, мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрін дамытуға, адамдардың тең құқықтығын арттыруға, тұрмыс- жағдайының жақсаруына, әсіресе, ауылдың экономикасын көтеруге және зейнеткерлер мен аз қамтылған көп балалы отбасыларына, мүгедек жандарға, жетім балаларға қолдау көрсетіп, қамқорлық танытуға жұмсаймын.
Сіздерді 3 қазанда өтетін алдағы сайлауға бір кісідей белсене қатысып, сайлауда дұрыс таңдау жасайды деген сенімдемін.
Біздің міндетіміз –әрбір тұрғынның сенімін ақтау. Жалпыға ортақ проблемаларды біз тек күш біріктірсек қана жеңе аламыз. Бірлігі жарасқан ел ғана мақсаттарына жете алады, «Бірлік бар жерде – тірлік бар» екендігін ұмытпайық ағайын.
Ең бастысы еліміз аман, ауданымыз абыройлы болсын!
Береке-бірлігіміз жарасып сайлауға белсенді қатысып өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын!