
Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз маслихаты бүгін Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы Мәулен Төлеужанов өткізілді, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы.
Жалпы Алакөл ауданы бойынша 1 қыркүйек күні ауданның 44 мектебінде онлайн форматында алғашқы қоңырау соғылып 13446 оқушымен, оның ішінде 1 сыныптарға келетін оқушы саны - 1419, 2 мектептен тыс, 19 мектепке дейінгі мекемемен жаңа оқу жылын бастады. Биылғы түлектер саны - 767.
М.Төлеужанов өз сөзінде: "Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде 2020-2021 оқу жылы қашықтықтан ұйымдастырылды. Жалпы орта білім беретін мектептердің мектепалды тобы, 1 сынып оқушыларына әр сыныпқа 15 балаға дейін кезекшілік сыныптар ашуға рұқсат етілді»,-дейді Мәулен Төлеужанов.
Меншік нысанына қарамастан мектептердің қызметінде санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда 15 адамға дейін балалар саны 5-тен 180 адамға дейінгі шағын котингентті мектептерге штаттық режимде рұқсат етілген.
Қашықтықтан оқытуға көшуге дайындық барысында аудан бойынша оқушылардың компьютермен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат жинақталып, мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде 2250 оқушыда компьютер, сонымен қатар, 11 602 оқушыда интернет желісіне қолжетімділігі бар екендігі анықталған. Компьютерлері жоқ оқушыларға білім беру ұйымдарының балансындағы 1471 компьютер оқушыларға уақытша пайдалануға беріліп, аудан мұғалімдері де компьютермен 100 пайыз қамтылған. Қашықтықтан оқыту бойынша туындаған сұрақтарға уақытылы жауап беру және мәселелерді жедел шешу мақсатында Сall- орталық жұмыс жасауда.
Сонымен бірге, мұғалімдердің беделін көтеру мақсатында оларға қойылатын талаптардың жылдан жылға күшейіп келе жатқаны мәлім.
"Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» тақырыбындағы Жолдауында 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдады. Яғни, ұстаздардың материалдық жағдайын көтере отырып, талапта күшейетіні белгілі. Сол үшін әр ұстаздың алдында оқу мазмұнын жаңарту, өзінің шығармашылығын дамыту мен шеберлігін шыңдап, озық технологияны жетік меңгеріп, әр күнгі сабағына тиімді әдіс – тәсілді пайдалану, тәуелсіз еліміздің ертеңі саналатын – білімді ұрпақ тәрбиелеу міндеті болып табылады", — дейді бөлім басшысы.