
Бүгін «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-маслихаты Ынталы ауылдық округінің әкімі Рамазан Мамырбековпен өткізілді, — деп хабарлайды «Jetisy media» ақпараттық алаңы.
Ынталы ауылында ауыл шаруашылығы саласы бойынша, 2020 жылы 3485 гектар суармалы жер игерілген. Оның ішінде, мақсары - 45 гектар, арпа-320 гектар, картоп-12 гектар, көкеніс-12 гектар, қант қызылшасы 57 гектар, бақша-19 гектар, (көп жылдық шөп) 370 гектар, алма-бақ-6 гектарға жуықтаған. 2650 гектарға Майбұршақ себіліп, 40 000центнер жоңышқа шабылған. Сонымен қатар, 6400 центнер арпа өнімдері алынған.
Ал, мал шаруашылығы бойынша, барлық ірі-қара (бұқа) 2702 бас, сиыр (аналық) 1297 бас, қой-ешкі 6017 бас, аналықтары 3141 бас, жылқы 532 бас, 225 (аналық) бас болған. Құстар саны 5118-ге жеткен, оның ішінде жұмыртқалайтын құстардың саны-3758-ді құраған.
Білім беру саласы бойынша мектеп оқушыларының саны 158-ге жеткен.