
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Көксу бекетіндегі Байтулаков көшесінде ауданы 225 шаршы метр құрайтын балалар ойын алаңқайы салынып, ашылды. Құрылысқа округтен 3 адам жұмысқа тартылды.
Алаңқайда балалар сүйіп ойнайтын ойын комплексі, әткеншек, балансир, құммен ойнайтын орын, карусель орнатылған.