
Жетіжал ауылындағы Кәкенов көшесінде, «Күншуақ» бала бақшасы мен Жетіжал орта мектебінің алдына суағар жүйесі орнатылды.
Темірбетонды лотоктардың жалпы ұзындығы 180 метрді құрайды. Лотоктар металл торлармен жабылған. Суағар жүйесі ғимараттарды көшедегі нөсердің, еріген қардың суларынан қорғайды.