
Қазақстанның 50 жылдығы ауылындағы Жапсарбаев көшесінде шағын спорт алаңының құрылысы аяқталды. Құрылысқа округтен 8 адам жұмысқа тартылды.
Жалпы ауданы 1362 шаршы метр құрайды, ұзындығы 196 метр, биіктігі 4 метр құрайтын сеткамен қоршалған. Алаң 3 бөлікке бөлінген: біріншісі – шағын футбол алаңы, екіншісі – воллейбол мен баскетбол алаңдары, үшіншісі – жаттығу мен ойын алаңдары. Алаңның сыртында көлік тұрағы, тротуар, орындықтар мен урналар орнатылып, ағаштар отырғызылған. Балаларға кешкі уақытта ойнауға жағдай жасалған жарық шамдары орнатылған.