ӘЛЕУМЕТ

Қашықтықтан оқыту – білім алудың заманауи жолы

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 09.10.2020
Оқылды: 299 Печать страницы
Қашықтықтан оқыту – білім алудың заманауи жолы Бүгінгі күнде сапалы білім алудың алға қарай даму мүмкіндігі жоғары әдістерінің бірі – заманауи коммуникациялық технологияларды, атап айтқанда, ғаламтор желісі қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді қолдана отырып, қашықтықтан оқыту. Бүкіл әлемді жаулаған пандемия кезінде қазақстандық білім жүйесі де мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға ауысты. Орта білім беру жүйесіндегі ең алғашқы тәжірибе болғандықтан, бастапқыда біршама қиындықтар туындады. Оқушылармен тікелей байланыс орнату, цифрлық сауаттылықты тиімді пайдаланбау, бұл аталған қиындықтардың шешу жолдарын Білім және ғылым министрлігі «Қашықтықтан оқыту кезіндегі әдістемелік ұсынымда» нақты ашып көрсетті. Атап айтқанда, қашықтықтан өткізілетін сабақтың құрылымы, оқушыларға берілетін оқу тапсырмаларының көлемі, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тоқсан сайын жүргізілетін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау мөлшері туралы анық айтылды. Мектеп ұстаздарымен қашықтықтан білім алуға байланысты бірнеше вебинарлар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия ұжымы жаңа оқу жылын 1-4-сыныптарда «кезекші сынып» арқылы топқа бөліп оқытудан бастады. Қашықтықтан оқытуға байланысты нормативтік құжаттарда көрсетілген барлық талаптарды сақтай отырып, «кезекші сыныптарда» 285 оқушы мектеп-гимназия қабырғасында, қашықтықтан 466 оқушы білім алуды жалғастыруда. Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі – оқушыларға күнделікті оқу тапсырмаларын орындауына байланысты 1-ден 10-ға дейінгі аралықта қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру кезінде ең басты құрал: білім беру платформалары. Мектеп-гимназияның педагогикалық ұжымы тақырыптық сәйкестігі мен тиімділігіне қарай «Daryn.online.kz» платформасын таңдап, оқушыларға сапалы білім беру жолында жұмыс жүргізуде.  Білім беру платформасының ерекшелігі – әрбір сабақтан соң, тақырыпқа байланысты тапсырмалар мен тест жұмысын орындауға болады. Мектеп-гимназия мұғалімдері оқушыларға оқу бағдарламасына сәйкес тақырып бойынша бейнесабақты ұсынады, ал оқушылар оны орындайды және стриминг өткізу кезінде топта талқылай алады. Ата-аналар тарапынан «кезекші» сыныптардың мектеп қабырғасында оқытылуы дұрыс көзқарас қалыптастыруда. Ата-аналардың пікірінше, мұғалім алдында білім алуы балаға оң әсерін тигізеді. Баланы мектепте оқытуға барлық санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар жасалған. Қорыта келгенде, адамзаттың сапалы білім алуы қай кезде де, қандай жағдайда да өз болмысын жоғалтпақ емес. Олай болса, қашықтықтан оқыту жағдайында да білімді, тәрбиелі, өз Отанын сүйетін жас ұрпаққа сапалы білім беруден жалықпайық! Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияның директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Қасымова
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.