ӘЛЕУМЕТ

Әдеп жөніндегі уәкіл дегеніміз кім?

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 19.10.2020
Оқылды: 312 Печать страницы
Әдеп жөніндегі уәкіл дегеніміз кім?

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12 - қадамын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің жаңа әдеп кодексі және этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымы яғни, Әдеп жөніндегі уәкілдің институты енгізілді.

Мемлекеттік қызметші қай кезде моральдық-этикалық талаптарды сақтауға міндетті. Алайда, бүгінде мемлекеттік қызметшілердің қызмет аясында түрлі кедергілер мен ұжым арасында түсінбеушіліктері көрініс алады. 

Бұл ретте ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруда Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің рөлі зор.

Ол мемлекеттік қызметшілердің қызмет барысында туындайтын түсінбеушіліктер мен кедергілерін, мүдделер қақтығыстарын шешіп, заң аясында көмек беріп, ұжымдық ортаны дұрыс қалыптастыруға күш салуы керек.

Жауапты қызметтерді өз деңгейінде атқара білген уәкіл мемлекеттік қызмет саласының оң имиджде дамуына, мемлекеттік қызметшілердің беделінің артуына үлес қоса алады. Тұтастай алғанда, Әдеп жөніндегі уәкіл функциясын атқаратын қызметші мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасы бағытында жұмыстар жүргізеді.

Сол себепті Әдеп жөніндегі уәкіл қызметіне тәжірибесі мол, іскерлік, адамдармен тіл табысу қабілеті жоғары, қоғамдық ортада өзін ұстай білетін, қоғаммен байланыс жасап, жан-жақты мәселелерді реттей білетін тұлғаны сайлайды. Бұған қоса әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметші мен азаматтарға консультациялық қызметтерді атқарады. Жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін қарап, екі тарапты бір байламға әкеліп, ортақ шешім ұсынуы керек. Ең бастысы, мемлекеттік қызметшілердің заңды құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғауға және өзге де шараларды қабылдауға міндетті. Демек, әдеп жөніндегі уәкіл өзіне жүктелген міндеттерді толық әрі нәтижелі жүргізе білсе мемлекеттік қызмет саласының оң бағытта дамуына серпін береді.

2017 жылғы 1 маусымдағы енгізілген өзгерістерге сәйкес орталық мемлекеттік органдарда және облыс, республикалық маңызы бар қала, Астана әкімдерінің аппараттарында Әдеп жөніндегі уәкіл дербес лауазымы ретінде бекітілсе, Министрліктер мен оның ведомстволардың аумақтық департаменттерінде және облыстық маңызы бар қалалар, аудандар әкімдерінің аппараттарында әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары осы мемлекеттік органдардың қызметшілеріне жүктеледі.

Бүгінгі күні Алматы облысында жалпы 41 Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін атқаруда. Оның ішінде 1 – Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы Алматы облысы әкімі аппаратында енгізілген, ал 40 – Әдеп жөніндегі уәкіл орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, облыстағы аудандар, қалалар әкімдерінің аппараттарында әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын жүктеу арқылы енгізілді.

Әдеп жөніндегі уәкілдермен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторинг жүргізіліп, мемлекеттік қызмет туралы заңнама бойынша кеңестер мен түсіндірмелер берілуде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдыналуға бағытталған жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар, әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін көтеру мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдермен тұрақты түрде семинарлар, лекциялар, БАҚ-на шығу түріндегі түсіндірме іс-шараларыжүргізілуде.

Ұсынылған есептерге сәйкес, 2020 жылдың 9 айында жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерімен 1298–жеке консультативті көмек көрсетілді, 461–азаматтарды жеке қабылдаулары өткізілді, 689-түсіндірме жұмыстары жүргізілді, 137–аймақтарға шығу іске асырылды.

Қорытындылай келе, мемлекеттік қызмет саласының дамуына оң әсер беретін Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің салмағы ауыр, жауапкершілігі жоғары. Сеніп тапсырылған қызметті абыройлы орындау әр уәкілдің жұмыс жасау принципіне байланысты. Демек, қызметтіңсапасыатқарылған жұмыстың нәтижесімен өлшенбек.

 

 

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы облысы бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызмет саласындағы

бақылау басқармасының басшысы                             Ұлан Серікұлы Қалжанов

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.