
Қазіргі таңда "Nur Otan" партиясы көбіне медициналық қамтамасыз ету мәселелеріне алаңдаушылық білдіруде. Себебі, халықтың барлық топтары үшін сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі – партия мүшелерінің үміткерлерге қоятын негізгі талабы. Аудандық партия мүшелері медициналық қызмет көрсету саласындағы ең заманауи технологияларды енгізуді, медицина қызметкерлерінің кәсіби дайындығын жетілдіру үшін жағдай жасауды және мемлекеттік медициналық мекемелерде жоғары білікті дәрігерлердің тиімді қызмет етуі үшін ынталандыруды талап етеді. Осы мақсатта бүгін аудандық орталық емхана ғимаратында Праймериз үміткерлері денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесті. Жиынға аудандық емхананың білікті дәрігерлері мен ауыл дәрігерлері, жаңашыл мейірбикелер, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету фармация мамандары қатысты. Кездесу барысында денсаулық сақтау саласына, соның ішінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге, өңірлік ғылыми мамандандырылған медициналық ұйымдар мен ауылдық медициналық мекемелер жұмысына байланысты және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында Праймериз үміткерлері медицина қызметкерлеріне зор денсаулық және ел игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тіледі.