ӘЛЕУМЕТ

ШАРУАШЫЛЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 18.11.2020
Оқылды: 287 Печать страницы
ШАРУАШЫЛЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Ағымдағы жылдың 17-ші қарашасында «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов Зылиха Тамшыбай ауылындағы "Еңбекші" ЖШС-нің ұжымымен жүйелік кестеге сәйкес кездесті. "Еңбекші" ЖШС-гі ауыл шаруашылық дақылдарымен айналысады. Бүгінде шаруашылықты Қанат Тоқсанбайұлы басқарып отыр. Тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған шаруашылықтың ауылға тигізіп жатқан пайдасы мол. Нақтысын айтсақ, биылғы жиын-теріннің нәтижесі жоспарға сай деуге болады. Мәселен, 1 гектар жерге егілген қант қызылшасынан 35 тонна, жүгеріден 8 тонна, ал майбұршақтан 2,8 тонна өнім алған. Ал егістік жердің жалпы көлемі 400 гектарды құрайды. Кездесу барысында Мәлік Аманбайұлы шаруашылықта жүріп жатқан жұмыстың мән-жайымен танысып қана қоймай, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың да жай-жапсарын біліп қайтты. Шаруашылықтағы қызметкерлердің айтуы бойынша жүйелі жұмыстың жақсы нәтиже көрсетуі тікелей ұжымға байланысты. Ал бұл ұжым өте ұйымшыл әрі еңбекқор екендерін осы уақытқа дейін дәлелдеп келеді. Тағы бір айта кететіні, жеке шаруашылық науқан уақытында 117 адамды жұмыспен қамтыған. Ал дәл қазіргі кезде 21 адам келесі егістік науқанына дайындық жұмыстарын атқару үшін қызмет етуде.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.