ӘЛЕУМЕТ

Айнабұлақ ауылының тұрғындары жаңадан салынған амбулаторияда емделеді.

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 30.11.2020
Оқылды: 480 Печать страницы
Айнабұлақ ауылының тұрғындары жаңадан салынған амбулаторияда емделеді.

Түрксіб пен Сібірді түйістірген ауылда заманауи үлгідегі дәрігерлік амбулатория Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді.  Мұнда ауылдықтар үшін скринингтік тексерулер мен түрлі медициналық қызметтер қолжетімді. Емдеу мекемесі көрші елді мекенінің халқына да қызмет көрсетеді.

Тұрғындар қуанышына аудан әкімі Алмас ӘДІЛ ортақтасты. 
«Бұл Түрксіб-Сібір теміржолының 90 жылдығана орай жасаған үлкен тартуымыз. Президентіміз биыл пандемияға байланысты денсаулық сақтау мәселесіне үлкен мән беріп, еліміздің барлық аумағында медициналық қызмет сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыру жөнінде тапсырма берген болатын. Міне, бүгін мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындап, денсаулық сақтау нысанын халыққа қызмет ету үшін беріп отырмыз. Тек биылдың өзінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында білікті дәрігер Бақытгүл Жандарбекова басшылық жасайтын Алғабас ауылдық амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстарына облыс бюджетінен 121 млн теңге қаражат бөлінсе, Түрксіб пен Сібірді түйістірген ауылда фельшерлі-амбулаторияның құрылыс жұмыстарына 156 млн теңге бөлінді. Жұмысты атқарған «Golden City DS» компаниясы. Бұдан басқа алдағы жылы тағы үш денсаулық сақтау нысанына жөндеу өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы жұмыстың барлығы медициналық қызмет сапасын арттырып, халықтың сапалы дәрігерлік көмек алуы үшін жасалып жатыр»,-деді аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде.

Көксу ақпарат

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.