ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында 6 колледж жұмысын уақытша тоқтатты

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 04.12.2020
Оқылды: 432 Печать страницы
Алматы облысында 6 колледж жұмысын уақытша тоқтатты

Алматы облысында, бүгінгі таңда 15 колледж 28 мамандық пен 31 біліктілік бойынша лицензиялық тіркемелерін өз еркімен қайтарып берді. 2 колледж өз міндетін тоқтату жайлы шешім қабылдаса, ал 6 колледждің жұмысы уақытша тоқтап тұр. Бұл туралы Алматы облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментінің басшысы Сауле Кабимолдаева.

Одан бөлек 2020 жылы Алматы облысында профилактикалық бақылаудан 29 мектеп өткен. Лицензиялау мәселесімен 254 өтініш қабылданды, оның – 55-і қайтарылды.

«Апостильдеу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Жылдың басынан бұл қызмет республиканың 224 азаматына көрсетілді. 216 құжат бойынша оң шешім қабылданды, оның ішінде, 55-жоғары білім, 24-кәсіптік білім, 123-жалпы орта білім саласында, 14-оқу туралы анықтама. 8 құжатты апостильдеу жоққа шығарылды», – деді Сауле Кабимолдаева.

COVID-19 індетінің таралуы бүкіл салаларға әсерін тигізді. Білім алу жүйесі де сол қатарда. Соған байланысты Департамент наурыз айынан бастап ЖОО және колледждердің қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігін бақылауда ұстады. Атап айтсақ, оқу жылы барысында инклюзивті білім беру жүйесі, бейнебақылау жүйесі, санитарлық-гигиеналық құралдардың болуы және мектептердегі 3 ауысымды оқыту бақылаудан өтті.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.