ӘЛЕУМЕТ

Партия билеттері табысталды

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 20.12.2020
Оқылды: 913 Печать страницы
Партия билеттері табысталды Желтоқсанның он бесінші жұлдызы «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалында 16-шы желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, партияның белсенді мүшелері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Аталмыш жиынның басты мақсаты партияға жаңадан қабылданған азаматтар мен азаматшаларға салтанатты түрде партиялық билеттерді табыстау болды. Басқосуда Мәлік Бейсенов партия қатарына қабылданғандарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. — Бүгін Тұңғыш Президент күніне орай жуырда партия құрамына қабылданған бірқатар азаматтарға партиялық билеттерді салтанатты түрде тапсыруға бас қосып отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, келер жылы тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Осы уақыт ішінде біздің еліміз әлемге танылып, терезесі тең, әлемдік деңгейдегі Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Атап келгенде, мұның бәрі — Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қол жеткізген жетістіктеріміз. Халық Елбасын ұлт көшбасшысы ретінде таниды. Себебі Елбасының еліміздің дамуына, мемлекеттегі тұрақтылық пен татулықты сақтауда сіңірген еңбегі орасан зор, — деді ол. Бұдан кейін, Мәлік Аманбайұлы 3 адамға салтанатты түрде партиялық билеттерді табыстап, сәттілік тіледі. Айта кету керек, партия билеттерін алғандардың барлығы да жастар. Бұл көңіл қуантарлық жағдай. Атап айтсақ, Нұрдана Ержан, Темірбек Шанайхан және Неля Тәліп.
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.