ӘЛЕУМЕТ

Облыс бойынша сақтандырылған халықтың саны 5,1% - ға артты

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 21.12.2020
Оқылды: 952 Печать страницы
Облыс бойынша сақтандырылған халықтың саны 5,1% - ға артты

Алматы облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру іске асқалы бері азаматтар үшін бірқатар қызметтер етгін түрде қолжетімді болды.

Сапалы медицинаға жүгіну оңтайланғалы бері қымбат консультативтік-диагностикалық қызметтер және жоғары технологиялық медициналық көмек алушылардың саны өскен.

Мәселен, медициналық оңалту бойынша биыл 8 604 пациент қызмет алса, ал жоғары технологиялық медициналық көмек бойынша 2020 жылы 2103 емделушіге қызмет көрсетілген, Консультативті-диагностикалық қызметке биылғы жылы 22177 адам жүгінген.

 

Медициналық қызмет түрлерінің санын арттырып, сапасын арттыру үшін бюджеттен 1336,4 млрд. теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) аясында – 95,0 млрд. теңгені (69,7%), МӘМС аясында – 41,3 млрд. теңгені (30,3%) құрады. 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 77,2% - ға өскен.

Қазіргі таңда облыс аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен 70 медициналық мекемемен келісім шарттар жасалған. Оның 43-і мемлекеттік меншіктікі, 27-сі жеке меншікке тиесілі.

 

Айта кетейік, Алматы облысы бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетудің тармақтары кескінінде кардиохирургиялық және травматологиялық бейін бойынша екі бағытта даму байқалады.

Кардиологиялық көмек бойынша митральды қақпақшаны тіндік трансплантаттармен ашық және өзгеше әдіспен ауыстыру, сонымен қатар автоматты кардиовертер/дефибрилляторды имплантациялау қолжетімді. Сонымен қатар,

Травматологиялық жағынан тізе буыны мен жамбас буынын ауыстыру операциялары ерекше сұранысқа ие болып тұр. Өздерін медициналық тұрғыдан сақтандырған азаматтар үшін бұл қызметтер тегін іске асады.

Бүгінгі күні облыс бойынша сақтандырылған халықтың саны 5,1% - ға артты.

«МӘМС үшін мемлекет тарапынан қаржыландырылатын адам саны – 55,7%, жалдамалы қызметкерлер – 17,01%, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық – құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызметкерлер – 2,9%, дербес төлеушілер – 0,2% және БЖТ төлеушілер - 18% құрайды»,- дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры – Нұрлан Отарғалиев.

 

Бүгінгі таңда, жеке азаматтарда сақтандыру мәртебесінің болмауына байланысты тегін кепілдендірілген көмек көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге қол жеткізе алмау туралы өтініштер келіп түсуде. Еске сала кететін жайт, сақтандырылу мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқығы бар. Алайда, жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу қажет.

Халыққа ыңғайлы болу үшін Қор кері байланыстың түрлі арналарын ұсыну бойынша жұмыс жүргізуде. Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы іске қосылды және табысты жұмыс істеуде. Қосымша көмегімен науқастарға кеңес алуға, шағым беруге, сақтандырылуға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, кез-келген адам Қордың Алматы облысы бойынша филиалында ұйымдастырылған азаматтарды қабылдау кабинетіне ақпарат алу үшін келе алады.

МӘМС жүйесіндегі ағымдағы мәртебеңізді (сақтандырылу мәртебесін) Қор сайтында плагинді пайдалана отырып (fms.kz), телеграм-бот арқылы (https://t.me/SaqtandyryBot) және egov.kz порталында анықтауға болады. Сонымен қатар, қордың тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 колл-орталығы жұмыс жасайды.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.