ӘЛЕУМЕТ

Үндеуге қолдау

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 20.03.2019
Оқылды: 546 Печать страницы
Үндеуге қолдау

Аудандық мәслихаттың хатшысы Әлдибек Досымбеков:

"19 наурыз - қазақтың тарихындағы алтын әріптермен жазылған күн болып қалмақ. Мемлекет басшысы 19 жылдың 19 наурызында Астана уақыты сағат 19:00-де лауазымын тоқтатты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «өкілеттілігімді тоқтатамын» дегені әрине баршамыздың  көңілімізге кірбің түсірді. Дегенмен, Елбасының өкілеттігін тоқтату туралы шешімі Елбасына деген құрметті арттыра түскендей. Іштей қимаймыз. Рас! Бірақ Елбасының бұл шешімінің өзі айтқандай оңай болмағандығын да жақсы түсінеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - біздің бірінші тұңғыш Елбасымыз! ҚР Сенат басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевқа салиқалы сындарлы саяси жол болсын дейміз! Әлі талай сараптама жасалар! Бірақ ең бастысы еліміздің бірлігі, ынтымағы арта берсін! Ең маңызды айта кетерім, әрбір адам бұл талқылауға белсенді қатысып, өзінің пікірін білдірсе, бұл қоғамдағы азаматтық сезімнің артқандығының белгісі".

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.