БЕЙСЕНОВ МӘЛІК АМАНБАЙҰЛЫ:
«Дүние есігін жаңа ашқан сәби ана сүтінен қуат, ана тілінен нәр алып өссе, біздің мемлекетіміз тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтан қуат алды. Елбасы Отаның тыныш, бейбіт ел болып, берекесі тасып, әлемге үлгі болу үшін жанын сарп қылып, еңбек етті. Қазір қарап тұрсақ, өзге алпауыт мемлекеттермен тереземіз тең.
«Бақ тағатты ерге ғана тұрмақ» дегендей, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныш заман, соны тілеп, бірлік үшін ерінбей еңбек еткен, ырыс-ынтымақты қадірлеген елге ғана келмек, сонда ғана тұрақтап қалмақ. Ал, осы ырыс-ынтымақ Елбасының арқасы. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бұл күнде Қазақстан халықаралық саяси үнқатысудың бейбіт отанына, алтын көпіріне айналды. Халқымыздың қанындағы көп асыл қасиеттің бірі ақ көңілімен дос құшағын айқара аша білуі. Соның арқасында қаншама ұлт өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Елбасы сөзімен айтсақ, әр республиканың ұлттар достығының ұясына айналуы – ықпалдасқан ынтымақ пен түсінушіліктің жемісі, бейбіт өміріміз бен мемлекетіміздің басты тірегі. Біз Елбасы құрып кеткен алтын көпірді мәңгілікке тұрақтылықта ұстап тұратын боламыз».