ӘЛЕУМЕТ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдісі ретінде парасаттылық мәдениетін дамыту

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 22.12.2020
Оқылды: 981 Печать страницы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдісі ретінде парасаттылық мәдениетін дамыту

Алматы облысында жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты ауыздықтау жұмыстары жылғасын тауып келе жатыр. Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, зерделеу және талқылау бойынша шараларды жүргізуде қоғамдық бірлестіктерде атсалысуда.

Осыған орай, ««Мархабат.KZ Мүгедектер Қоғамы» ҚБ-мен Алматы облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесіп мемлекеттік-әлеуметтік тапсырманың аясында онлайн-семинарлар мен кездесулер өткізілген.

Іс-шараның мақсаты- жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдісі ретінде құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және парасаттылық мәдениетін дамыту болып табылады.

Расында сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқару тиімділігінің, елдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне алып келеді. Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейді. Сондықтан да, келеңсіз құбылыспен күресте тұтас қоғамның күш біріктіргені маңызды. Осы бағытта жұмса жұдырық болып, қызмет ету тіпті еліміздің басты құжаттарының бірінде айқын көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен "Республиканың 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы"атты жаңа бағдарламалық құжат бекітілген.

«Осыған байланысты сыбайлас бойынша онлайн-семинарлар мен кездесулер өткізілді. Онлайн-семинарлар мен кездесулерді өткізу үшін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу орталығының білікті мамандары Жаров Ержан Каирович пен Кабылдин Айбек Мейрамханұлы шақырылды. Мұндағы көздегеніміз азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру бойынша кешенді және мақсатты ақпараттық жұмыс жүргізу», дейді «Мархабат.KZ мүгедектер қоғамы» ҚБ төрағасы - Дарын Сағдолдин.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.