ӘЛЕУМЕТ

Облыс және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 22.12.2020
Оқылды: 964 Печать страницы
Облыс және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Бүгін Алматы облысы мәслихатының депутаттығына үміткер Секенбай Шеңгелбаев пен Көксу ауданы мәслихатының депутаттығына үміткер Әлдибек Досымбеков Зылиха Тамшыбай ауылының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Таңатар Әбдірахмановтың үйіне арнайы барып қайтты.

    Ақсақалмен кездесудің басты себебі партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, хал-жағдайын білу болатын. Таңатар Әбдірахманов – Зылиха Тамшыбай ауылының Құрметті азаматы, егін шаруашылығының үздік еңбеккері және Зылиха апаның оң қолы болып адал қызмет еткен жан. Ақсақалдың жасы 80-нен асса да елінің болашағы мен халқының қазіргі жағдайына бей-жай қарамайды. Ол үміткерлердің әрбір айтқан сөзі мен жұмыс жоспарына өзінің ұсынысын айтып, қолдауын білдіріп, атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі!

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.