ӘЛЕУМЕТ

АЛДАҒЫ ЖЫЛҒА АРТАР СЕНІМ МОЛ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 24.12.2020
Оқылды: 1230 Печать страницы
АЛДАҒЫ ЖЫЛҒА АРТАР СЕНІМ МОЛ

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың жиырма төртінде яғни бүгін Алматы облысы, Көксу аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жарлыөзек пен Мұсабек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, үміткерлер партияның алдағы уақытта атқаратын толымды істерін тілге тиек етті. Нақтырақ айтқанда, партияның сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 бағытын түсіндірді.Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау.

    Кездесуде «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов: «Біздің партия аудан тұрғындарының үмітін ақтау, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Біз сіздерді аудандық мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз. Ауданымызды әртараптандырып, бәсекеге қабілетті экономика және өмір сүру үшін жайлы аумақ ететін нақты шаралар ұсынамыз,-деді. 

    Содан соң облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер Секенбай Шеңгелбаев сөз алып, – Біз ауданның дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен идеялар алмасуға және кең ынтымақтастыққа дайын және ашық екенімізді мәлімдейміз. «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастырады. Біз алдымызға сіздердің сеніміңізді ақтау міндетін қоямыз, - деп нақты сеніммен айтты.

     Үміткерлер ауданның әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі, дамуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын бақуатты қоғамды бірге құруға үгіттеді. Партиямен алда атқарылатын жұмыстар тізбегінен хабардар болған сала мамандары мен ауыл тұрғындары алдағы күнге сеніммен қарап, өз ризашылықтарын білдірді.

 

    «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Көксу ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.