
Бүгін аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер Жарлыөзек ауылдық округіне арнайы барып, «Балпық» ЖШС-і ұжымының қызметкерлерімен кездесіп сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Кездесу барысында еңбек ұжымының да ұсыныстары тыңдалды. Мәселен, олар техника мен қызметшілер санын көбейту жайында айтып өтті. Үміткерлер айтылған әрбір ұсыныстар мен қойылған сауалдарға жауап беріп, мәселенің міндетті түрде өз шешімін табатынын айтып жеткізді. Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығы бойынша көптеген оңтайлы шаруалардың күрмеуі шешіліп, өрісінің кеңейетіні жайлы да тілге тиек етілді. Сол себепті де партияның сенімді тұлғалары ауыл шаруашылығы саласында қызмет істеп жатқан азаматтарға «Nur Otan» партиясына дауыс берулерін сұрады.
«Nur Otan» партиясының Алматы облысы Көксу ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді.